19 қараша 2019 | 17:43

Автожуушы Шымкенттегі сүйіктісімен кездесу үшін көлік ұрлаған

Алматы полицейлері түнгі клубтың алдынан және автожуу орталығынан ұрланған Toyota маркалы көлікке іздеу салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы полицейлері түнгі клубтың алдынан және автожуу орталығынан ұрланған Toyota маркалы көлікке іздеу салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 қарашада 62 жастағы алматылық полицияға шағымданған. Әйел адамның сөзінше, оның көлігін автожуу орталығынан ұрлап кеткен. Құқық қорғау органдары әйел адам көлігін кешкі уақытта химиялық тазалаудан өткізу орталығына қалдырып кеткенін анықтаған. 

"Келесі күні автожуу орталығына келіп көлігін таба алмаған әйел бірден полицияға хабарласқан. Көлікті айдап әкеткен ер адам бірден табылған. Ол сол кешенде жұмыс істейтін 1991 жылғы Талғар тұрғыны. Күдікті бірнеше сағаттың ішінде Шымкентте екені анықталған. Ол өзгенің көлігін Шымкенттегі сүйіктісімен кездесу үшін айдап кеткен. Күдікті бірден ұсталып, қамауға алынған. Көлік иесіне қайтарылды. Күдікті бұған дейін қарақшылық және тәртіпсіздік әрекеттері үшін істі болған", - дейді Криминалдық полиция бөлімінің полковнигі Жанболат Зиядин. 

Көлігі ұрланғаны туралы 34 жастағы ер адам да шағымданған. Жәбірленушінің айтуынша, оның көлігі шамамен түнгі сағат 03:00-де түнгі клубтың алдынан айдалып әкетілген. Жоғалған көлік иесінің айтуынша, келтірілген шығын мөлшері - сегіз миллион теңге. 

"Аталған дерек бірден сотқа дейінгі тергеудің істерінің бірыңғай тізіміне Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша тіркелді. Жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу амалдары бойынша ұры ұсталды. Ол 1994 жылғы Алматы облысының тұрғыны. Іздеу шаралары Жамбыл облысындағы Қордай ауданынан бірақ шықты. Күдікті көлікті сол аймаққа айдап әкеткен. Ол өзгенің мүлкін полицейлерге ұсталғандықтан иемдене алмаған. Қазір ол Алматыға жеткізіліп, ақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Алмалы ауданы полиция басқармасының подполковнигі Есен Ысқақов. 

Полицейлердің сөзінше ұрланған көліктер өз иесіне қайтарылған. Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысы бары не жоғы тексеріліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети