12 маусым 2014 | 09:55

Автосалон директоры клиенттерді жарты миллион долларға алдаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотталушы Асылбек Баетов. КТК телеарнасының кадры Сотталушы Асылбек Баетов. КТК телеарнасының кадры

"Сәрсенбі күні атышулы сот отырысы басталды. Сотталушы Алматыдағы "Альшейхмоторс" автосалонының директоры Асылбек Баетов. Ол өзінің клиенттерін жарты миллион долларға алдаған. Мұндай хабарды КТК телеарнасы таратып отыр. Ол алаяқтық жасағаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін" деп мәлімдейді Tengrinews.kz


"Сәрсенбі күні атышулы сот отырысы басталды. Сотталушы Алматыдағы "Альшейхмоторс" автосалонының директоры Асылбек Баетов. Ол өзінің клиенттерін жарты миллион долларға алдаған. Мұндай хабарды КТК телеарнасы таратып отыр. Ол алаяқтық жасағаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін" деп мәлімдейді Tengrinews.kz

Кәсіпкер Араб Эмираттарынан шет елдік көлік әкеліп беремін деп клинеттермен келісім-шарт жасасып, көлік құнының бір бөлігін алдын ала алған. Алайда уәдесінде тұрмаған. Алданғандар - 37 адам. Бұлар полицияға арызданғандар ғана.

Жәбірленушілер бірнеше жылдан бері көлік алу үшін алдын ала берген ақшаларын қайтара алма жүр. "Біз көліксіз, ақшасыз қалдық. Күйеуім ауру арттырды. Қазір ол өзі келе алмайды, өйткені қан қысымы жоғары және жиі көтеріліп кете береді, жүрегі де сыр берді" дейді Анна Логинова.

Есте қаларлығы, журналистердің сот залына кіргізілмеуі. Тіпті жәбірленушілер сот болатыны жайлы Интернеттен өздері білгенін айтады. Ал, осы іс бойынша басты куәгер, жақында жұмбақ жағдайда қайтыс болған.

"Ол бізбен үнемі сөйлесіп жүрген Олег Кочкин - сату бойынша бас менеджер. Және ол тергеу орындарына барлық құпия жағдайларды айтпақ болған. Оның өліміне қатысты тексеру материалында "мас болып, алкоголь ішімдігімен үйлеспейтін дәрінің 8 таблеткасын ішу салдарынан көз жұмған" деп айтылған" дейді жәбірленушілердің бірі Юрий Титов БАҚ өкілдеріне.

Баетовтың адвокаты - апайы. Ол бауырының айыбы жоқ екенін, фирманың банкрот болғанын, оның қылмыскер емес екенін айтып ақталған. Айыпталушының туысы қылмыстық істі әкімшілік іспен алмастырылып оны босату керек екенін айтады.

"Ол келісім-шартты өз уақында орындай алмағанын мойындап отыр. Бірақ, кешіріңіздер, бізде келісім-шартты тиісті уақытында орындамағаны үшін қылмыстық қудалау деген жоқ. Сондықтан бұл іс әкімшілік өндіріспен қаралуы тиіс. Айыппұл, үстеме ақы өндіріп алынады" дейді адвокат.
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети