23 желтоқсан 2020 | 14:42

Аягөзде интернаттағы балалар өлімі: медицина қызметкерлері сотталды

© 1tv.kz

Аягөз балаларға арнайы қызмет көрсету орталығының төрт тәрбиеленушісінің өлімінен кейін үш медициналық қызметкер сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аягөз аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Аягөз балаларға арнайы қызмет көрсету орталығының төрт тәрбиеленушісінің өлімінен кейін үш медициналық қызметкер сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аягөз аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот екі медициналық қызметкерді Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігі ("Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттері") бойынша кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығынан айырды, сондай-ақ олардың медицина саласында бір жылға жұмыс істеуіне тыйым салды. Жазаны шартты деп санап, пробациялық бақылауды белгілеу туралы шешім қабылданды.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, тағы бір айыпталушы сол бап бойынша кінәлі деп танылып, 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, 1,5 жылға медициналық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Бұл жаза да шартты болып саналады.

"Үш тәрбиеленушінің өліміне әкеп соқтырған Аягөз БАӘҚКО (балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы) тәрбиеленушілерін ауруханаға жатқызу бойынша шараларды уақтылы қабылдамау, кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау, оларға немқұрайлы қарау секілді сотталушылар кінәсі толығымен расталды. Қылмыстық кодекстің 317-бабы ауыр емес қылмыстар санатына, осы баптың 4-бөлігі орташа ауырлықтағы қылмыстарға жатады. Сотқа дейінгі тергеу барысында прокурор, сотталушылар мен жәбірленушінің өкілі кінәні мойындау түрінде процессуалдық келісімге келді", - деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енбегені, апелляциялық шағым түскен жағдайда оның заңдылығы мен негізділігі апелляциялық сатыда тексерілетіні атап өтілді.

Еске салайық, Аягөзде психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған интернаттың оннан аса тәлімгері инфекциялық ауруханаға "қызылша" диагнозымен жатқызылған. Бірнешеуінен ішек инфекциясы анықталған. Төрт бала қайтыс болған. Кейін ведомствоаралық комиссия мүшелері интернаттың фотоларын жариялаған еді. Содан соң комиссия мекемені жабуды және оның басшылығының жемқорлыққа қатысы бар-жоғын анықтауды талап еткен.

Ал қарашаның соңында осы іске байланысты тергеу аяқталған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная