27 қараша 2020 13:02

Аягөз интернатындағы балалар өліміне қатысты тергеу аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 1tv.kz © 1tv.kz

Аягөз арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың қайтыс болу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Аягөз арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың қайтыс болу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратура мәліметінше, тергеу Қылмыстық кодекстің 317-бабының 4-бөлігі ("Медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы, абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырды") бойынша басталды.

"Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы Аягөздегі балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ медицина қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

"Сот талқылауы жарияланғанға дейін шешімді қылмыстық істі қарайтын судья қабылдайды. Тергеу мүддесіне сәйкес, басқа мәліметті жариялауға рұқсат етілмейді", - деді прокуратурадағылар.

Еске салайық, мұның алдында Аягөзде төрт бала қайтыс болған орталықтың директоры жұмыстан қуылғаны хабарланған болатын. Орталықтың бұрынғы басшысы Нұрлан Қантаев тәртіптік жазаға тартылғаннан кейін жұмысынан шығарылды.

Интернаттағы балалар өлімі: тергеу нәтижесі шықты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети