02 шілде 2020 17:49

Аягөзде төрт бала қайтыс болған орталықтың директоры жұмыстан қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 1tv.kz © 1tv.kz

Шолпан Мақашева Аягөз қаласындағы Балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет орталығының директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ШҚО ақпарат орталығына сілтеме жасап.


Шолпан Мақашева Аягөз қаласындағы Балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет орталығының директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ШҚО ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Орталықтың бұрынғы басшысы Нұрлан Қантаев тәртіптік жазаға тартылғаннан кейін жұмысынан шығарылды.

Шолпан Мақашева бұған дейін ШҚО бас педиатры қызметін атқарған. 1999 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын "педиатрия" мамандығы бойынша аяқтаған. 2001-2007 жылдар аралығында Семей политехникалық колледжінде жасөспірімдер дәрігері болған. 2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған, экономика және бизнес магистрі.

Еске салайық, Аягөзде психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған интернаттың оннан астам тәлімгері инфекциялық ауруханаға "қызылша" диагнозымен жатқызылған. Бірнешеуінен ішек инфекциясы анықталған. Төрт бала қайтыс болды. Кейін ведомствоаралық комиссия мүшелері интернаттың фотоларын жариялады. Содан соң комиссия мекемені жабуды және оның басшылығының жемқорлыққа қатысы бар-жоғын анықтауды талап етті.

20 мамырда Аягөз интернатында қайтыс болған төрт баланың ісіне қатысты ведомствоаралық комиссия тергеуінің нәтижесі жарияданды.

"Дәрігерлердің шығарған қорытындысы бойынша балалардың ауруының асқынуы қызылшаға қатысы жоқ. Бұл туралы тиісті медициналық куәліктер мен актілер бар", - деген еді ШҚО әкімінің орынбасары Әлишер Мархабат.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.14   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети