10 маусым 2020 | 09:30

Аяғы ауыр қызы мен күйеу баласын өлтірген алматылықтың туыстары журналистерді қуып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Алматыда аяғы ауыр қызы мен күйеу баласына оқ атып, кейін өзіне қол жұмсаған зейнеткердің туыстары журналистермен сөйлесуден бас тартты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда аяғы ауыр қызы мен күйеу баласына оқ атып, кейін өзіне қол жұмсаған зейнеткердің туыстары журналистермен сөйлесуден бас тартты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Камераңды ал, кет бұл жерден, тез!" - деп айғайлайды әйел қылмыс болған жерге келген телеарнаның түсірілім тобына. Бір журналистің ұялы телефонықирады.

Өлім қаланың төмен бөлігіндегі жер үйде болған. Негізгі себебі - отбасылық жанжал. Көршілердің айтуынша, қайтыс болғандар осы жерде 20 жылдан астам уақыт бойы тұрған және ерекше көз түспеген. Олардың сөзіне қарағанда, отбасы құлпытастар жасаумен айналысқан.

"Олар баяғыдан тұрады және бұрыннан құлпытастарды дайындайды... Ағай да баяғыдан осымен айналысып, осы жерде тұрып келді. Кешегі күнге дейін бұл жерде тыныштық болатын. Түсініксіз жағдай болды. Полиция барлығына айғайлап, үйден қуып шықты", - деді көршісі Павел Мокроусов.

Полициядағылар зейнеткердің спиртті ішімдік ішпегенін атап өтті. Заң да бұзбаған. Қызына оқ атқан аңға арналған қаруы ресми тіркелген.

"Екі адам да сол жерде бірнеше минуттан кейін қайтыс болған. Ер адам сол қарудан оқ атып, өзіне қол жұмсаған. Бұрын қылмыстық жауапқа тартылмаған. Үлгі алатын отбасына жақын адам болған", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жанжалдың себебін полиция анықтайды. Іс екі бап: "Өлтіру" және "Өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу" бойынша тергеліп жатыр.

Еске салайық, оқиға 8 маусымда Алматы қаласы, Түрксіб ауданында болған. Сейфуллин даңғылында 1951 жылғы ер адам 1987 жылғы күйеу баласымен және 1979 жылғы қызымен жанжалдасып, атып тастаған. Артынша ер адам өзіне қол жұмсаған. Сондай-ақ қайтыс болған әйел жүкті болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети