Аяжан Еділованы өлтірді деген күдікті ауруханадан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аяжан Еділованы өлтірді деген күдікті ауруханадан шығарылды Фото: seyminfo.ru

19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне күдікті ретінде ұсталған 28 жастағы ер адам өзін-өзі өлтіру әрекетінен кейін қалпына келіп, ауруханадан шығарылды. Бұл ақпаратты Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне күдікті ретінде ұсталған 28 жастағы ер адам өзін-өзі өлтіру әрекетінен кейін қалпына келіп, ауруханадан шығарылды. Бұл ақпаратты Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, күдікті ауруханадан шығарылды. Сот күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын таңдағандықтан, оны сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде қамауға алу орнына ауыстырды.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Айта кетейік, 19 наурызда Алматы қаласының тұрғыны Аяжан Еділова жұмыстан шығып, үйіне оралмаған. Бірнеше күннен кейін Алматы полиция департаменті қыздың қаза тапқанын хабарлады. Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында бойжеткеннің жоғалып кеткен күні жаңа танысымен кездесуге кеткені анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров мәлімдеді. Күдікті ретінде 1993 жылы туған азамат, Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.

Марқұмның туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оны Алматы полициясы растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети