28 наурыз 2021 | 14:50

Аяжан Еділованың күдіктімен бірге лифтке кірген сәті видеоға түсіп қалған

Видеодан алынған

Алматыда қатыгездікпен өлтірілген 19 жастағы жәбірленуші Аяжан Еділованың күдіктімен бірге лифтке кірген видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "31 арнаға" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қатыгездікпен өлтірілген 19 жастағы жәбірленуші Аяжан Еділованың күдіктімен бірге лифтке кірген видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "31 арнаға" сілтеме жасап.

Видеоны телеарна жариялады. Онда Аяжан Еділованың белгісіз ер адаммен лифтке кіргенін көруге болады.

Реклама
Реклама

Телеарна мәліметіне сүйенсек, қыз үш күн бойы ер адаммен хат алмасып, кейін онымен кездесуге келіскен. Қаза тапқан қыздың туыстары олар жұмыс барысымен кездескеніне сенімді.

Айта кетейік, 19 наурызда Алматы қаласының тұрғыны Аяжан Еділова жұмыстан шыққаннан кейін хабарсыз кеткен. Бірнеше күннен кейін Алматы ПД өкілдері қыздың қаза болғанын хабарлады. Жоғалған күні Аяжан жаңадан танысқан ер адаммен кездесуге келіскені анықталды. Күдікті ретінде Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған ер адам ұсталды.

Туыстары 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты тергеудің мән-жайын айтып берді. Жәбірленушінің ағасы Алмат Мүліковтың айтуынша, күдікті фармацевт мамандығында оқып, Алматыда пәтер жалдап тұрған.

"Полиция күдікті айғақтарды жасыру үшін Аяжанды өлтірген деп болжап отыр. Суреттерді көргенімізде, әр тырнағы алынып, әр тісі жұлынған. Оны бөлек қапшыққа салып қойған. Басын суға қайнатыпты. Одан тек сүйегі қалған. Қазір қызды анықтау бойынша тексеру жүріп жатыр. Дене мүшесі әлі толық емес. Мәйітханадағы мамандар мәйіттің көп болуы мүмкін екенін айтты", - деді Алмат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная