22 наурыз 2021 16:38

Жұмыстан соң оралмаған: Алматыда 19 жастағы қыздың мәйіті табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

19 наурызда жоғалып кеткен алматылық Аяжан Еділованың мәйіті табылды. Алматы полициясы күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


19 наурызда жоғалып кеткен алматылық Аяжан Еділованың мәйіті табылды. Алматы полициясы күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аяжанның әпкесі полицияға 2021 жылдың 20 наурызында сіңлісі жоғалып кеткенін айтқан.

"Хабар-ошарсыз кеткен адамды тауып, оның жоғалу жағдайларын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды. Жедел іздеу іс-шарасы барысында қыз жоғалып кеткен күні жаңа танысымен кездеспек болғаны анықталды, онымен әлеуметтік желілерде танысқан. Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған күдікті ұсталды. Қылмыс жасаудың себебі мен тәсілін анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін 19 жастағы Аяжан Еділова кешке жақын жұмыстан шыққаннан кейін үйіне оралмағаны хабарланған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети