Полиция аялдамада ер адамға себепсіз шабуылдаған жасөспірімдерге қандай шара қолданылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, бұл оқиға бірнеше күн бұрын Астанада болған еді, оның видеосы Интернетте жарияланды. Оқиғаға қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер жәбірленушіні тапқан, ол бұзақылардың үстінен шағым түсірді. Астана ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекованың хабарлауынша, 39 жастағы жергілікті тұрғынның шағымы сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне алынды. Жәбірленуші ер адам Солтүстік Қазақстанда туған, Астанада жұмыс істейді.
"Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Сотқа дейінгі тергеу материалдары сотқа жолданатын болады", - деді Қылышбекова. Оның айтуынша, бұзақылық жасаған үш жасөспірімнің аты-жөні анықталды, олардың екеуі кәмелетке толмаған, соған қарамастан, олар үшінші айыпталушымен бірге сот алдында жауап беретін болады. Олар қомақты айыппұл төлеуі немесе бостандықтарынан екі жылға дейін айырылуы мүмкін. Қазір бұзақылар ешқайда кетпеу туралы қолхат қалдырған.
Еске салайық, бұл оқиға түсірілген видео "ВКонтакте" желісінде жарияланған еді. Видеодан екі жас жігіттің аялдамада отырған ер адамға тиісе бастағанын көруге болады. Ер адам балалардың сұрағына жауап бермейді. Сол кезде көк күртесі бар жасөспірім қалтасынан пышақ алып шықты. Кейін көп сөзге бармай, ер адамды тепкілей бастайды. Бұл кезде видеоға түсіріп тұрған адамның күлгені естіледі. Ролик авторы мен басқа да жасөспірімдер әлеуметтік желілерден өз аккаунттарын өшіріп тастады. Кейін полиция үш бұзақының да ұсталғанын хабарлады.