09 шілде 2021 12:39

"Аямаймыз" - Антикор басшысы бағыныштылары арасындағы сыбайлас жемқорлық туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антикор басшысы Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлықпен ұсталған қызметкерлерін аямайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Антикор басшысы Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлықпен ұсталған қызметкерлерін аямайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қатарымызда ондай қызметкерлердің болмауына ерекше көңіл бөлеміз. Өкінішке қарай, жақында бір қызметкеріміз ұсталды. Агенттіктің ішкі қауіпсіздік қызметі оны пара алу кезінде ұстады. Сот күдіктіні бұлтартпау шарасы бойынша санкциялады. Бұған қарсы күресеміз.

Былтыр орталық аппарат қызметкері 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл да жағымсыз жағдай", - деді Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында.

Шілденің басында Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет офицері ірі көлемде пара алу кезінде ұсталғаны белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети