Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді.
Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді.
"2016 жылдың 7 мамырында Астананың прокуратурасы Мейірбаевқа қатысты Қылмыстық кодекстің 163-бабының тәртібінде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы алып тасталды. Ол босатылды", - деп мәлімдеді Сәдубаев.
ІІМ мәліметінше, Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалау оның әрекеттерінде қылмыс құрамының жоқтығына байланысты тоқтатылған.
Осыған дейін Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша істе күдікті Аян Мейірбаевтың кепілақымен босап шыққаны белгілі болған еді.
Еске салайық, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің зорлық белгілері бар мәйітін полицейлер 10 ақпанда тапқан болатын. Кісі өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. Ерасыл Әубәкіров елордадағы медициналық университеттің алтын курсының студенті еді. Ол 3 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Келесі күні оның жоғалғаны жайлы хабарды достары таратты.