22 сәуір 2017 | 14:30

Аян Мейірбаевтың әпкесіне қатысты іс Антикоррупциялық қызметке берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аян Мейірбаевтың әпкесіне қатысты іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына берілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ өкілдері хабарлады. 


Иконка комментария блок соц сети

Аян Мейірбаевтың әпкесіне қатысты іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына берілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ өкілдері хабарлады. 

Айта кетейік, Аян Мейірбаев Астанада 23 жастағы студент Ерасын Әубәкіровтің өлімі бойынша істің фигуранты болған. 

"А.Мейірбаеваға қатысты тіркелген қылмыстық іс Астана прокуратурасы арқылы ары қарайғы тергеу үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына берілді", - делінген Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Ведомстводағылардың айтуынша, ҚР ҚПК-ға сәйкес, "соталды тергеудің мәліметтері жариялауға жатпайды". ҚР ІІМ мәліметінше, өлтірілген студенттің мәйітін қаладан шығаруға көмектескен белгісіздерге қатысты қылмысты жасыру дерегі бойынша бөлек өндіріс қозғалған. 

Еске салайық, 2016 жылдың ақпанында 23 жастағы Ерасыл Әубәкіров өлтірілгеннен кейін, оның денесі Аян Мейірбаевтың отбасының иелігіндегі көліктің жүксалғышына салынған. Мәйітті Аян Мейірбаевтың әпкесі Айым Мейірбаева анықтаған. Кейін Мейірбаевтардың адвокаты Ерасыл Әубәкіровтің мәйітін көлікке сотталған Нұрбек Әжімбай салды деп хабарлаған. Кейін Нұрбек Әжімбай осы қылмысты жасады деп танылып, 2016 жылдың қазанында 20 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети