Алматыда әйелдер киімін киген ұры үйден 4 миллион теңгенің гауһар тасын ұрлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматыда әйелдер киімін киген ұры үйден 4 миллион теңгенің гауһар тасын ұрлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаланың криминалдық полиция қызметкерлері мен Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыскерді ұстаған. Ұрлық жасаған 50 жастағы ер адам болып шыққан.
"Кілтті дәл таңдау арқылы қаскүнем біреудің пәтеріне кіріп, зергерлік бұйымдар мен ақша алып кеткен. Ол бірнеше рет бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кейін күдікті стилін өзгертіп, әйел киімін киіп, жасанды шаш тағып, ұрлыққа барған. Ол жасаған кейінгі қылмыс қарашаның басында тіркелді: Жетісу-2 шағынауданында пәтерден 4 миллион теңгеге бағалы заттар ұрланған. Қазір ұсталған азаматтың осыған ұқсас 8 қылмысқа қатысы бар екені дәлелденді", - деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Ұсталған азамат - Ресей Федерациясының 50 жастағы тумасы, бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотталған. Күдіктіге қатысты тергеу кезеңінде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Ұсталған адамның өзге де қылмыстарға қатысы бар ма деген сұраққа байланысты қажет іс-шаралар жүргізіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!