Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Әйелін өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған ақтөбелікке үкім шығарылды 22 сәуір 2022, 13:40

Әйелін бірнеше жерден пышақтап, кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған Ақтөбе тұрғыны 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Ақтөбедегі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Әйелін бірнеше жерден пышақтап, кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған Ақтөбе тұрғыны 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Ақтөбедегі Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы айыптау актісін жасап, әйелін өлтіруге оқталу, сондай-ақ қамаудан қашып кету дерегі бойынша күдікті, Ақтөбе қаласының тұрғынын сотқа жіберді.

Айыптау актсіне сәйкес, күдікті мас күйінде әйеліне бірнеше рет пышақ сұғып, кейін сол пышақпен өз-өзіне қол жұмсамақ болған, бірақ дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде ол ойлағанын іске асыра алмады", - деді Дәулембаев.

Сот айыпталушыны кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Еске салайық, оқиға қаңтарда болған. 23 қаңтарда өз-өзіне қол жұмсамақ болған 1973 жылы туған ер адам ауруханадан қашып кеткені хабарланған. Ол келесі күні 5 қабатты үйлердің бірінің жертөлесінде ұсталған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram