ПОДЕЛИТЬСЯ
22 сәуір 2022 | 13:40
Әйелін өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған ақтөбелікке үкім шығарылды
Әйелін бірнеше жерден пышақтап, кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған Ақтөбе тұрғыны 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Ақтөбедегі Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы айыптау актісін жасап, әйелін өлтіруге оқталу, сондай-ақ қамаудан қашып кету дерегі бойынша күдікті, Ақтөбе қаласының тұрғынын сотқа жіберді.
Айыптау актсіне сәйкес, күдікті мас күйінде әйеліне бірнеше рет пышақ сұғып, кейін сол пышақпен өз-өзіне қол жұмсамақ болған, бірақ дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде ол ойлағанын іске асыра алмады", - деді Дәулембаев.
Сот айыпталушыны кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айырды.
Еске салайық, оқиға қаңтарда болған. 23 қаңтарда өз-өзіне қол жұмсамақ болған 1973 жылы туған ер адам ауруханадан қашып кеткені хабарланған. Ол келесі күні 5 қабатты үйлердің бірінің жертөлесінде ұсталған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также