Алматыдағы Алмалы аудандық сотында Хамро Суванов есімді Өзбекстан азаматын ұрлады деп қамауға алынған Лилия Рахқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыдағы Алмалы аудандық сотында Хамро Суванов есімді Өзбекстан азаматын ұрлады деп қамауға алынған Лилия Рахқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Лилия Рах, Мири Паз, Бақыт Шалбаев пен Ислам Месиров "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып, қанау мақсатында адам ұрлау" бабы бойынша айыпты деп танылды.
Судья Қуаныш Әріпов Лилия Рахты 7 жылға, Мири Пазды - 7,5 жылға, Бақыт Шалбаев пен Ислам Месировті 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар, сот олардың мүлкілерін тәркілеу туралы үкім шығарды.
Айта кетейік, 15 күннің ішінде соттың шешіміне шағым түсіруге болады.
23 тамызда Лилия Рах адам ұрлады деген күдікпен қамауға алынған болатын. Кейінірек Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер Sauvage бутигінің иесі Лилия Рахтың қамауға алынғанын растаған еді. Айта кетейік, Лилия Рах Sauvage сән бутигінің иесі. 2015 жылы сән саласында әлемнің ең абыройлы 500 адамының тізіміне енген.