Айым Ұлтомбаеваның өлімі бойынша ұсталған күдікті былтыр тағы бір қызды буындырып өлтіре жаздаған

18 Мамыр 2016, 14:22
0
Айым Ұлтомбаеваның өлімі бойынша ұсталған күдікті былтыр тағы бір қызды буындырып өлтіре жаздаған -

14 жастағы Айым Ұлтомбаеваның өлімі бойынша жаңа деректер анықталды. Оны өлтірді делінген күдікті қыздың денесі табылғанға дейін екі апта бұрын басқа қылмыстық іс бойынша колонияға қамалған екен. 23 жастағы Мақсат Б. былтыр қарашада семейлік жас қызды буындырып өлтіре жаздаған. Сәуір айының соңында Семейдегі №2 сот оны бес жылға бас бостандығынан айырған. Айымның денесі табылған кезде ол тергеу изоляторында отырған екен, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Сот материалдарына сүйенсек, 2015 жылдың қарашасында Мақсат Семейге туыстарына барады. Оның айтуынша, сол кезде жанжалдасып қалған қыздың жалдап жатқан пәтеріне барады. Кейін кенеттен қызға бас салып, оны буындыра бастаған. Жәбірленуші есінен танып қалған кезде ғана ол тоқтаған. Есін жиған қыз Мақсатқа жалынып, өзіне тиіспеуін сұрайды. Оқиғадан кейін жәбірленуші ем қабылдауға мәжбүр болыпты.

Сонымен қатар, 2015 жылдың мамырында сот Мақсат Б.-ға ұрлық жасағаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасын кескен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай