11 желтоқсан 2014 | 16:40

Айыппұлдан қашып жүрген 900 адам 8,5 миллион теңге төледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Солтүстік Қазақстан облысында "Борышкер" жедел-алдын алу шарасы аясында жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған 900 адам 8,5 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі. Мұнымен қатар, қарызын төлемегендердің 32 автокөлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

Айыппұлын төлеуден қашып жүрген екі құқықбұзушы әкімшілік жазаға тартылды. Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Серік Ыдырысов жедел-алдын алу шарасы кезінде Петропавл қалалық сотының айыппұл төлеуден қашып жүргендерге қатысты оларды бес тәулікке қамау туралы шешім шығарғанын айтты.

"524-бап бойынша әкімшілік қамау да оларды айыппұл төлеуден құтқармайды. Құқықбұзушылар айыппұл төлеуден бұлтарып кеткен жағдайда, олар бестен он тәулікке дейін қайта қамауға алынуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, ҚР Бас прокуратура жол айыппұлдарын төлемегендерді жүргізуші құқығынан айыруды ұсынған еді. Мұның алдында Бас прокурордың орынбасары жол қозғалысы бойынша салынған айыппұлдардың статистикасын жария еткен болатын. Сонымен бірге, оның айтуынша, қазақстандық шенеуніктер қызмет көліктерімен жол қозғалысы ережелерін жиі бұзып, айыппұл төлемей жатады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети