16 ақпан 2016 | 13:58

Айзада Авлатарованы ұрлап әкеткен адамға 16 қылмыстық эпизод бойынша айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында Айзада Авлатарованы ұрлап кеткен 45 жастағы Игорь Токаревке 16 қылмыстық эпизод бойынша айып тағылып жатыр. Алматы облысы ІІД мәліметінше, Токарев ұрлық, адам ұрлау, көлік ұрлау, сонымен қатар, "сексуалдық мазмұндағы" қылмыстар жасаған болуы мүмкін.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында Айзада Авлатарованы ұрлап кеткен 45 жастағы Игорь Токаревке 16 қылмыстық эпизод бойынша айып тағылып жатыр. Алматы облысы ІІД мәліметінше, Токарев ұрлық, адам ұрлау, көлік ұрлау, сонымен қатар, "сексуалдық мазмұндағы" қылмыстар жасаған болуы мүмкін.

"Тергеу ісі Алматы облысы ІІД тергеу бөлімінің өндірісінде. Қазір Токарев тергеу изоляторында отыр. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілді. Айзада Авлатарованы ұрлау ісінен бөлек 16 эпизод бойынша айыпталып жатыр", - деді облыстық департамент өкілдері.

ІІД мәліметінше, тергеу қорытындысы бойынша айыптау дәйектемесі дайындалады, жақын арада іс материалдары сотқа жолданады.

Еске сала кетейік, Айзада Авлатарова 3 желтоқсанда жоғалып кеткен болатын. Іле ауданы Жетіген ауылының тұрғыны көрші Өтеген батыр ауылындағы (қыздың үйінен 25 шақырымдағы) оқуына бару үшін таксиге отырған. Дегенмен ол тиісті жеріне жетпеді. 10 желтоқсанда қыз табылды. Бұл жөнінде еріктілер Facebook арқылы хабарлады. Ал Игорь Токарев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети