18 желтоқсан 2015 | 12:57

Айзада Авлатарованың ұрлануына қатысты жаңа деректер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Gazeta.karavan.kz © Gazeta.karavan.kz

Алматы полициясы Айзада Авлатарованың ұрлануы туралы жаңа деректер хабарлады, - деп хабарлайды "Караван" басылымы. Еске сала кетейік, қыз 3 желтоқсанда жоғалып кетіп, бір апта өткен соң табылған еді.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы полициясы Айзада Авлатарованың ұрлануы туралы жаңа деректер хабарлады, - деп хабарлайды "Караван" басылымы. Еске сала кетейік, қыз 3 желтоқсанда жоғалып кетіп, бір апта өткен соң табылған еді.

45 жастағы Игорь Токаревті табуға жұмысшыларды таситын автобустың жүргізушісі көмектескен. 8 желтоқсанда ол полицияға хабарласып, Қапшағай тас жолында Айзадаға ұқсайтын қызды көргенін айтады. Жүргізуші күдіктінің фотороботын жасауға көмектесті.

"10 желтоқсанда сағат 17.00 шамасында полиция оларды Қапшағай ауданында, теміржол маңында ұстаған. Олар күдіктіні дереу ұстаған жоқ. Әуелі құжаттарын сұрады. Ер адам өзін қалыпты ұстап, сұрақтарға жауап берді. Осыдан кейін ол ұсталды", - деді Іле аудандық ІІБ төрағасы Талғат Беркінбаев.

Қыз полицейлерге ер адамның өзін күштеп ұстап отырғанын айтпаған. "Ол қызды әбден қорқытқан. Жүргізуші автобуста жол бойы Токарев пен Айзаданың қасында алты жұмысшының отырғанын айтты. Дегенмен қыз жол бойы үндемей, тыныш отырған. Айзаданың айтуынша, көлікке отырған кезде ер адам оны басқа жаққа алып кеткен. Қыз өзінің досына хабарласқан кезде Токарев екі телефонын да тартып алып, лақтырып жіберген. Токарев Айзадаға айтқанына көнбесе, соққыға жығатынын айтып, пышаққа ұқсас затпен қорқытқан. Айзада бір апта бойы тастанды саяжайларда тұрғанын айтты. Токарев оны үнемі қорқытып, арақ ішуге мәжбүрлеген", - деді Беркінбаев.

Полиция Токаревтің қылмысты мойындағанын хабарлады. "Дегенмен ол қызға ештеңе істемегенін және көлікпен тек қыдырып қайтқысы келгенін айтты", - деді АІІБ төрағасы.

Бұған дейін Игорь Токаревтің Алматы тұрғыны екені белгілі болған еді. Ол 17 жасында ұрлық жасағаны үшін түрмеге отырған, кейін автомобиль айдап әкеткені үшін сотты болады. Жамбыл облысында адам ұрлағаны үшін де жауапқа тартылған. Кейін, 1999 жылы Токарев екі қызды ұрлап кетіп, зорлаған. Ол осы қылмысы үшін 12 жыл бас бостандығынан айырылыпты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети