"Азат" сауда үйіндегі өрт бойынша күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Азат" сауда үйіндегі өрт бойынша күдікті ұсталды ©Тengrinews.kz

Алматыдағы "Азат" сауда үйінде болған өрт дерегі бойынша бутиктердің бірін жалға алушы ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мамандар өрттің сауда үйінің екінші қабатындағы №21 бутиктен шыққанын анықтады. "Жалға алушы өрт басталғанға дейінгі екі минут ішінде бутикте болған, күзетшінің айтуынша, ол сауда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен", - делінген таратылған хабарламада. Оқиға орнынан көмірсутек пен жылдам тұтанатын сұйықтықтың концентрациясы табылды. Қалдық заттар айғақ ретінде алынды. Жалға алушының аты-жөні анықталды. Оны қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері қолға түсірді. "Қазіргі уақытта өрттің шығуын анықтау мақсатында аталған тұлғадан жауап алынып жатыр", - дейді ТЖД мамандары. Сонымен бірге, "Қасақана от қою" бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр, күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Еске сала кетейік, "Азат" сауда үйі 11 наурызда өртенген болатын. Өрт туралы хабар сағат 11.08-де келіп түскен. 12.07-де ол толық залалсыздандырылды. Өрттің 250 шаршы метрді шарпығаны белгілі болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети