Азиада-2011 кезіндегі қаржы жымқыруға қатысты іс сотқа берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азиада-2011 кезіндегі қаржы жымқыруға қатысты іс сотқа берілді ©Ярослав Радловский

Алматы қаласы бойынша қаржы полициясы департаменті Азиада-2011 кезіндегі ақша жымқыруға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы бойынша қаржы полициясы департаменті Азиада-2011 кезіндегі ақша жымқыруға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2011 жылғы VII Азия ойындарының ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы" АҚ басқарма бастығы Айдар Мусинге алаяқтық жасады, ақшаны заңдастырды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген күдік келтірілді. Тергеудің мәліметінше, шенеунік 2009-2010 жылдары Q-Service ЖШС-ні заңсыз басқарып, Азиада-2011 нысандарында телекоммуникациялық жабдықтарды жөндеу бойынша мердігерлік жұмыстарды атқаруға келісім жасау кезінде компанияға жеңілдіктер ұсынған. 

Тергеу барысында бұл әрекетке жалған кәсіпорын есепшоттары пайдаланылып, жабдықтардың жобалық-сметалық құжаттамасындағы бағасының тым жоғарылатылғаны белгілі болды. Азиадаға дайындық кезінде, сондай-ақ, бюджеттің 800 млн теңгесі жымқырылған, Мусин оның жартысын зәулім үй мен 2009 және 2011 жылы шыққан BMW 750 және Mercedes Benz Е-250 автокөліктерін сатып алуға жұмсаған. Тергеу барысында мүлікке тыйым салынды, қылмыстық іс сотқа жолданды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети