Азиада-2011 шенеунігі Айдар Мусин алаяқтығы үшін 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет айтты.
Азиада-2011 шенеунігі Айдар Мусин алаяқтығы үшін 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет айтты.
Айдар Мусин жарыстарға дайындық кезінде "2011 жылғы VII Азия ойындары ұйымдастыру комитеті Атқарушы Дирекциясы" АҚ 2011 жылғы Азия ойындарын ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің Телерадиохабар тарату және медиатехнологиялар басқармасы бастығы лауазымын атқарды. Тергеудің мәліметінше, 2009 жылдың тамызында ол Q-Service ЖШС-ін құрып, оны туыстарының атына тіркеген. Компания шаңғы трамплиндері кешенінде кешенге арналған телекоммуникациялық жүйелер жабдықтарын жобалау мен жеткізу жөніндегі жұмыстарды орындаудың тендерін жеңіп алып, 1,4 миллиард теңгені иеленді.
Қаржы полициясының мәліметінше, бұл соманың 600 миллионы жымқырылған. Айдар Мусин оның бір бөлігін 2009 жылы шыққан BMW 750 және 2011 жылы шыққан Mercedes Benz Е-250 автокөліктерін сатып алу жолымен заңдастырған.
Сот Айдар Мусинді "Алаяқтық", "Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу", "Жалған кәсіпкерлік" баптары бойынша айыпты деп таныды. Оған мүлкін тәркілеумен бірге бес жыл алты ай мерзімге жаза өтеу туралы үкім шығарылды. Экс-шенеунік мемлекеттік лауазымды атқару құқығынан төрт жылға айырылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.