Қарағанды қаласының Қазыбекби аудандық №1 соты 11 жастағы немере інісін өлтірді деген кінә тағылған 20 жастағы қызды тұтқындауға екі ай мерзімге санкция берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, қыз ауыр қылмысқа бағалы тонға бола барған болатын. Бауырын өлтіргеннен кейін ол баланың денесін дәретхананың шұңқырына салған. Кейін полицейлермен, еріктілермен бірге баланы іздеуге қатысты.

Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің тергеушісі сотта бұл қылмысқа "балаға асқан қатігездікпен, есеппен, қасақана жасалған" деген сипаттама берді. Полицияның ұстанымын прокуратура қолдады. Қадағалау ведомствосы өкілінің айтуынша, 11 жастағы баланың өліміне себеп болған қаракүзен тонды айыпталушы ломбардқа 60 мың теңгеге өткізген.
Еске сала кетейік, 5-сынып оқушысы Леон Серікбаев 25 қыркүйек күні өлтірілген болатын. Полиция күдіктіні бірден тапты. Ол өз кінәсін бірден мойындап, полицияға оқиғаның жай-жапсарын әңгімелеп берді. Оның сөзіне қарағанда, сол күні қыз тәтесінің үйіне келеді. Пәтерде 11 жастағы ұл болған, ол қызды кіргізіп, бөлмесіне барып сабаққа киіне бастайды. Кейін бала анасының тонын ұрлап жатқан әпкесін көріп қояды. Леон киімді орнына қоюды талап етеді. Қыз немере інісін алдарқатып, сабасына түсіреді де, өзі тұрып жатқан туысқанының үйіне алып келеді. Сол жерде баланы айуандықпен өлтіреді.