08 қазан 2019 09:10

Бағдат Мәнізоров денсаулық жағдайына байланысты демалысқа шықты

Бағдат Мәнізоров © vecher.kz

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров денсаулығына байланысты демалысқа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров денсаулығына байланысты демалысқа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы редакция сауалхатына Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Реклама
Реклама

"Мәнізоров 30 қыркүйектен бастап денсаулық жағдайына байланысты демалысқа шықты", - делінген хабарламада. 

Алматы облысы әкімінің ұсталғаны қыркүйектің соңында белгілі болған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеген. Шенеунікке қызметтік жағдайын пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған. 

Мәнізоровтың әріптестерінің айтуынша, ол әкім орынбасары болып жазда тағайындалған және осы уақыт аралығында ол өзін адал қызметкер және білікті басшы ретінде көрсете білген. 

Әкімдіктегілер Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram