Бағдат Мәнізоровқа қандай айып тағылғаны белгілі болды

02 Қазан, 15:26
0
Бағдат Мәнізоровқа қандай айып тағылғаны белгілі болды -

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қандай айып тағылғаны белгілі болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Қызметтік бабын асыра пайдалану және аса ірі көлемде алаяқтық" бабы бойынша айып тағылған. Тергеуші прокуратураға үй қамауынла ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындауды сұрады", - делінген хабарламада. 

Мәнізоровтің ісі әлі сотқа түспеген

Қалған мәлімет тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, 25 қыркүйекте Мәнізоров іс-сапарға шыққан. Ал оның ұсталғаны туралы ақпарат келесі күні пайда болды. 27 қыркүйек күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Мәнізоровтың ұсталғанын және уақытша ұстау изоляторына қамалғанын растады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай