Багира есімді ит Ақмола облысының ІІД-не кезекті қылмысты істі ашуға көмектесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Багира есімді ит Ақмола облысының ІІД-не кезекті қылмысты істі ашуға көмектесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"7 сәуір күні Сандықтау ауданы полициясының кезекші бөліміне Қызыл Қазақстан аулының 25 жастағы тұрғыны жергілікті ЗТЖМО ғимаратында белгісіз біреулер сөмкесінен ақша ұрлап кеткендігі туралы шағым түсірген. Қолды болған ақшаның соммасы - 70000 теңге", - делінген баспасөз хабарламада.
Оқиға орын алған жерге тез арада полиция қызметкерлері жеткен. Жылдам тергеу жүргізу тобының қатарында инспектор-кинолог старшина Иван Мищенко өзі тәрбиелеген Багира есімді итімен келген. Күдіктіні анықтауға Багираға бірнеше минут керек болған. Нәтижесінде ұрлық жасады деген күдікпен жәбірленушімен бір ғимаратта болған Тучное аулының 43 жастағы тұрғыны ұсталған.
ІІД-ның айтуынша, Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті жедел тергеу тобының қатарында Багира ең танымал із кезуші иттердің бірі. Ол қызмет атқарып келе жатқан 8 жылдың ішінде жүзден астам қылмыстық істерді ашуға көмектескен.