Бала саудасы: Алматыда бір әйел нәрестесін 930 мың теңгеге бағалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бала саудасы: Алматыда бір әйел нәрестесін 930 мың теңгеге бағалады Алматы ІІД баспасөз қызметі

Алматыда жаңа туылған сәбиді сатпақ болған Өзбекстан азаматшасы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жаңа туылған сәбиді сатпақ болған Өзбекстан азаматшасы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, 24 жастағы әйелді ҰҚҚК бөлімінің қызметкерлері Қабанбай батыр мен Панфилов көшелерінің қиылысында 19 мамыр күні кешкі сағат 18.00-де ұстаған. Ол өз баласын 5 мың долларға бағалады. "Қылмыскер сатып алушымен дәл осы қиылыста кездеспек болды. Ол өз баласын беріп, 930 мың теңгені алып жатқан кезде құрықталды. Ақша процессуалдық тәртіппен тәркіленіп,  "Кәмелетке толмағандарды саудаға салу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестрінде тіркеуге алынды", - деді полицейлер.

Кейін Өзбекстан азаматшасының 13 мамырда Талдықорғанда босанғаны белгілі болды. "Ол баланы сатуды босануға дейін ойластырып, сатып алатын адам іздей бастаған", - деді басқармадағылар. Жедел-тергеу шаралары кезінде өзбекстандықтың Алматыға ақша табу үшін келгені анықталды. Кейбір деректер бойынша, ол жезөкшелікпен айналысқан. Өзбекстанда оның күйеуі мен төрт жасар баласы бар. Қазір күдікті Алматы ІІД уақытша тергеу изоляторында отыр. Нәресте балалар үйіне жіберілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети