Бала саудасы: қылмыстық топ әшкереленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бала саудасы: қылмыстық топ әшкереленді Фото:depositphotos.com

Алматы облысының полицейлері бала саудасымен айналысты деген қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының полицейлері бала саудасымен айналысты деген қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері кәмелетке толмағандарды саудалады деген күдікке ілінген қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.

"25 тамызда Surak.baribar әлеуметтік желісінде кәмелетке толмағандар мен жаңа туған балаларды заңды түрде асырап алу түріндегі заңсыз әрекеттермен айналысады делінген қылмыстық топ жұмыс істейтіні туралы жедел ақпарат келіп түсті. 28 тамызда облыстық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының тумасы 38 жастағы күдіктіні анықтады", - деді Алматы облысының Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

Полиция қызметкерлер кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети