©Тengrinews.kz
Алматыдағы элиталық балабақшада бала ұрғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған тәрбиешінің көмекшісі жазадан құтылды деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық сотына сілтеме жасап. "Алтынай Ниязымбетова ҚР Қылмыстық кодекстің 67-бабына сәйкес, тараптардың ымыраласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. 67-бап тұлға онша ауыр емес қылмысты алғаш рет жасап, жәбірленушімен татуласқан және келтірілген залалдың орнын толтырған жағдайда оны жауапкершіліктен босатуды қарастырады. Қыз жас болғаннан кейін жәбірленуші тарап та оған талап қоймады", - дейді соттың баспасөз қызметі. Бұл іске байланысты сот Медеу ауданында өтті. Оқиға "Челленджер" балабақшасында болған еді. Тәрбиеші көмекшісінің балаларды ұрып-соққаны бейнебақылау камерасына түсіріліп қалған. Алтынай Ниязымбетоваға қарсы "Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде өз міндетін орындамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тараптар ымыраға келмеген жағдайда оған әкімшілік айыппұл өндіру немесе екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалар еді.
Алматыдағы элиталық балабақшада бала ұрғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған тәрбиешінің көмекшісі жазадан құтылды деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық сотына сілтеме жасап.
"Алтынай Ниязымбетова ҚР Қылмыстық кодекстің 67-бабына сәйкес, тараптардың ымыраласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. 67-бап тұлға онша ауыр емес қылмысты алғаш рет жасап, жәбірленушімен татуласқан және келтірілген залалдың орнын толтырған жағдайда оны жауапкершіліктен босатуды қарастырады. Қыз жас болғаннан кейін жәбірленуші тарап та оған талап қоймады", - дейді соттың баспасөз қызметі.
Бұл іске байланысты сот Медеу ауданында өтті. Оқиға "Челленджер" балабақшасында болған еді. Тәрбиеші көмекшісінің балаларды ұрып-соққаны бейнебақылау камерасына түсіріліп қалған. Алтынай Ниязымбетоваға қарсы "Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде өз міндетін орындамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тараптар ымыраға келмеген жағдайда оған әкімшілік айыппұл өндіру немесе екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалар еді.