Балабақшадан сәби ұрламақшы болған әйел сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балабақшадан сәби ұрламақшы болған әйел сотталды

Алматы қаласында 5 жасар баланы балабақшадан ұрламақшы болған әйелге сот үкімі шықты. Әйел алты жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласында 5 жасар баланы балабақшадан ұрламақшы болған әйелге сот үкімі шықты. Әйел алты жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Іс Медеу аудандық № 2 сотында қаралған. Бұрынғы тәрбиешіге ҚР Қылмыстық кодексінің "Адамды ұрлауға оқталу" бабы бойынша айып тағылған. 

Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел алты жылға бас бостандығынан айырылған. Ол жазасын қауіпсіздікі орташа қылмыстық атқару жүйесінде өтейтін болады. 

"Аяқталмаған қылмыс үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 56-бабына сәйкес қылмыс жасағаны үшін жазаның мерзімі немесе мөлшері аяқталған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген жазаның негізгі түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен аспауға тиіс", - деп хабарлады сотта.

Оқиға биыл шілдеде болды. Саягүл Жаңалық өзін туысымын деп таныстырып, баланы ұрламақшы болған. Кейініреконы құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстады. Ол баланы ұрлап, ата-анасынан ақша талап етпекші болған. Сондай-ақ, 2018 жылы Саягүл Медеу ауданында "Үздік тәрбиеші" атағын алғаны белгілі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети