Балабақшаға көлігімен соғылған әйелді прокурор 2,5 жылға соттауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балабақшаға көлігімен соғылған әйелді прокурор 2,5 жылға соттауды сұрады Татьяна Семченко сот залында. © Роза Есенқұлова

Балабақшаға көлігімен басып кіріп, бір бүлдіршінді өлтірген әйелді прокурор 2,5 жылға соттауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балабақшаға көлігімен басып кіріп, бір бүлдіршінді өлтірген әйелді прокурор 2,5 жылға соттауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокурор Гүлмира Сейітқазиева бүгін, 13 тамызда процессуалдық келісімнің талаптарын оқыды. Айта кетейік, сотталушы Семченко онымен толықтай келіседі және өз ісіне өкінеді. Еске салайық, жол апатында бір қыз қайтыс болды және 9 бала зардап шекті. Алайда бұл іс бойынша тек зардап шеккен үш бала қарастырылып отыр. Судья қалған ата-аналарға азаматтық тәртіпте сотқа шағымдануларына болатынын ескертті. 

Процессуалдық келісімге сәйкес, прокурор Семченкоға 2 жыл 6 айға қоныс колониясында өтеу туралы жаза кесуді сұрады. Сонымен қатар, Семченкодан 132 мың теңге көлеміндегі сот шығынын өтеу сұралып отыр.

Судья Татьяна Семченкоға сөз берді, ол жылап, зардап шеккен балалардың ата-аналарынан кешірім сұрап, шығынды өндіріп беруге уәде берді. Ол қатерлі ісік ауруына шалдыққанын айтып, бостандықтан айырмауды сұрады.

Осыған дейін 10 тамызда сотқа зардап шеккен балалардың бірінің әкесі келіп, оған ешкімнің хабар бермегенін және сот отырысының өтетіні туралы естімегенін айтқан болатын. Алмас Мұхамеджанов процессуалдық келісімге қол қоймағанын, оның үстіне Татьяна Семченконы жазалауды талап ететінін мәлімдеді. Ол өзіне келген материалдық шығын көлемін жария етті - 1,5 миллион теңге.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 20 мамырда сағат шамамен 12.00-де болды. Жүргізуші әйел, куәгерлердің айтуынша, артқа қарай жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, балабақша қоршауына соғылған. Көлік, тәрбиешілердің айтуынша, 26 бала ойнап отырған балалар алаңына барып түскен. Бір бүлдіршін қаза тауып, тағы сегізі жарақат алып, Алматы қалалық №1 балалар ауруханасына жеткізілді. Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеген әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кейін сот оны екі айға қамау тұралы санкция шығарды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети