06 желтоқсан 2021 15:39

Балалар арбасына дәрет сындырған алматылық қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Балалар арбасына дәрет сындырған алматылық қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотына сілтеме жасап.


Балалар арбасына дәрет сындырған алматылық қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотына сілтеме жасап.

Іс Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған.

"Сот ер адам "Жас қанат" ықшамауданында, қоғамдық орында, тұрғын үйдің кіреберісінде бола тұра, балалар арбасына дәрет сындырып, сол арқылы өзгелерге құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзғанын анықтады. Ер адам жасаған қылмысын толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Сонымен қатар, берген түсініктемесіне сәйкес, тұрғын мас күйде болған", - делінген хабарламада.

Сот іс материалдарын және айыпталушының жеке басын ескере отырып, санкция бойынша 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Алматыда үй кіреберісінде балалар арбасына дәрет сындырған тұрғын ұсталғаны және іс сотқа жолданғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети