Балалар үйінің түлегі досына 30 мәрте пышақ салған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балалар үйінің түлегі досына 30 мәрте пышақ салған ©makinsk.com

Балалар үйінің түлегі досына 30 мәрте пышақ салғаннан кейін денесін қала шетіндегі құдыққа апарып тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, осыған дейін кісі өлтіру бойынша күдікпен 23 жастағы жігіттің ұсталғаны хабарланған еді. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 24 жастағы павлодарлықтың кілемге оралған мәйіті қаланың шетіндегі канализациялық құдықтан табылды. Криминалистер қайтыс болған ер адамның денесінің 30 рет пышақталғанын айтты. 

"Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Павлодар қаласының 23 жастағы тұрғынына күдік келіп, ұсталды", - делінген баспасөз хабарламасында. Сонымен қатар, аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін 24 жастағы сыбайласы қамауға алынды. 

Айта кетейік, егер күдіктінің кінәсі дәлелденетін болса ол 6-15 жыл аралығына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал оның сыбайласына 200-500 АЕК көлемінде айыппұл салынуы немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе шектелуі мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети