29 наурыз 2022 | 09:38

Балаларды ұрған павлодарлық жаттықтырушы жазаланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© instagram/hc_irtish2010

Павлодарда Artis хоккей клубының балалар жаттықтырушысы Вячеслав Песеговқа айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда Artis хоккей клубының балалар жаттықтырушысы Вячеслав Песеговқа айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ер адамды кәмелетке толмаған адамға қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі деп таныды.

"Биыл 11 наурызда Ақтөбе мұз алаңының киім ауыстыратын бөлмесінде жаттықтырушы 12 жастағы баланы ұрып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені анықталды. Ол кінәсін мойындамай, жай ғана дөрекі сөйлегенін айтты", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

Ведомство өкілі құқықбұзушылық дерегі сот-медициналық сараптама қорытындысы, әкімшілік хаттама және куәгерлердің айғақтары бойынша дәлелденгенін атап өтті.

Сот жаттықтырушыны ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 45 945 теңге мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады. Сот құжаты әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар, Писеговтың өзі жала жабылғанын айтып, сол үшін балалардың ата-аналарын жауапқа тартуға ниет білдіріп отыр.

Бұған дейін жас хоккейшілер ата-аналарымен бірге Instagram-да жаттықтырушыны қолдау үшін видео түсіріп, жүктеген болатын.

Павлодарлық жаттықтырушы балаларды ұрды деп айыпталды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная