25 наурыз 2022 09:37

Павлодарлық жаттықтырушы балаларды ұрды деп айыпталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz мұрағатынан алынған сурет ©Tengrinews.kz мұрағатынан алынған сурет

Павлодар қаласының тұрғыны Гүлсім Аяпбергенова Ertis хоккей клубының жаттықтырушысы 11 жастағы баласын ұрғанын айтты. Оған балалардың Ақтөбедегі матчта жеңіліп қалуы себеп болған. Әйел полицияға арыз жазған. Жаттықтырушыға айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар қаласының тұрғыны Гүлсім Аяпбергенова Ertis хоккей клубының жаттықтырушысы 11 жастағы баласын ұрғанын айтты. Оған балалардың Ақтөбедегі матчта жеңіліп қалуы себеп болған. Әйел полицияға арыз жазған. Жаттықтырушыға айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Балаларымыз алматылық командамен ойнап, жеңіліп қалғаннан кейін команда жаттықтырушысы киім ауыстыратын бөлмеде алғашқы бес ойыншыны ұрған. Арасында менің ұлым да болған. Жаттықтырушы ішінен, бірнеше рет иығынан ұрған", - деп жазды зардап шеккен оқушының анасы Instagram-да.
 

Әйелдің айтуынша, оқиға бүкіл команданың көз алдында болған.

"Хоккей қатал спорт екенін түсінемін, бірақ бұл ешкімге балаларды ұруға болады деген құқық бермейді. Жаттықтырушы Писегов В.И. балаларды үнемі қорлайды, балағаттайды, осылайша, олардың әлі жетілмеген психикасына әсер етеді. Оның көгерген денесін көргенше, ұлым ұрып-соққаны туралы ештеңе айтқан жоқ. Жаттықтырушыға хабарластым, ол тіпті сөйлеспеді. Қазір ештеңе болмағандай жұмысын жалғастырып жатыр", - деп атап өтті Аяпбергенова.

Жазбаға пікір жазған кейбір тәрбиеленушілердің ата-анасы оны жаттықтырушыға жала жапқысы келеді деп айыптады.

"Баламның айтуынша, ұрып-соқпаған. Ата-аналар, жаттықтырушылар мен балалар қатысқан жиналыс өтті. Балалардың ешқайсысы жаттықтырушының біреуді ұрғанын растамады", - деді жас хоккейшілердің бірінің анасы.

Сонымен қатар, Гүлсім Аяпбергеновадан басқа, команданың зардап шеккен тағы бір мүшесінің анасы жаттықтырушының үстінен полицияға шағымданған.

"Күйеуім жанкүйер ретінде матчқа барды. Ол Нұрәлінің жылап тұрғанын көріп, сұрай бастаған. Бірақ бала үндемеген. Күйеуім жеңіліп қалғасын жылап отыр деп ойлаған. Нұрәлімен болған оқиғадан кейін ұлымыздан да сұрай бастадық. Ол да алғашқы бестікке кіргенін айтты, жаттықтырушы оның иығынан үш рет итергенін айтты. Қалған балалар үндемейді", - деді әйел.

Жаттықтырушының өзі оқушыларды ұрмағанын, ата-аналардың шағымдары жала екенін айтты.

"Матчтан кейін балалармен бірге киім ауыстыратын бөлмеге кірдік. Ойынды, жеңілгенімізді талдадық. Балаларға қандай қателіктер жіберілгенін, қалай қорғану, қандай нәрсеге назар аудару керегін түсіндіріп, қолын сындырып алмас үшін иықты қалай ұстау керегін көрсеттім. Бұл - хоккей, жарақат алу қаупі бар спорт түрі. Бірақ мен ешкімді тепкен, ұрған жоқпын. Бұл - жала, қастандық. Бұл команданы алты жыл бойы жаттықтырып келемін, осы уақыт ішінде Нұрәлидің анасының үнемі көңілі толмайтын. Бірақ балаларға ешқандай шағымым болған жоқ, Нұрәлі командадағы көшбасшы және жақсы нәтижелер көрсетіп жүр", - деп түсіндірді Вячеслав Писегов.

Туризм және спортты дамыту басқармасының өкілі спорт мектебінде ата-аналардың шағымы бойынша қызметтік тексеріс басталғанын айтты. Ал полицейлер Гүлсім Аяпбергенованың өтінішінен кейін бапкерге қатысты әкімшілік іс қозғаған.

"Бұл дерек Павлодар қаласының Орталық полиция бөлімінде тіркелді. Сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша кәмелетке толмаған адамға келтірілген дене жарақаттары жеңіл жарақат түріне жатады. Осы оқиға бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, - деп түсіндірді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Осы баптың санкциясы бойынша 15 айлық есептік көрсеткішке айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети