Балаларын терезеден лақтырып жіберген алматылыққа қатысты тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балаларын терезеден лақтырып жіберген алматылыққа қатысты тергеу басталды © Ярослав Радловский

Алматы полициясы екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбектің айтуынша, бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Полицияда ол дерек кісі өлімі ретінде тіркелді. Айта кетейік, оқиға 5 қыркүйек күні болды. Әйел екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберіп, артынан өзі секірді. Алған жарақаттарынан 10 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмды. Әйел мен оның бір жарым жастағы қызы ауруханаға жатқызылды.

Өз кезегінде Алматының денсаулық сақтау басқармасындағылар әйел мен сәбидің жағдайының ауыр екенін айтып отыр. Олар жансақтау бөлімінде жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети