Теміртауда бүлдіршін қызды тұншықтырған жекеменшік балабақшаның тәрбиешісі 120 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегілді, - деп хабарлайды "Еуразия Бірінші арнасы".
Теміртауда бүлдіршін қызды тұншықтырған жекеменшік балабақшаның тәрбиешісі 120 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегілді, - деп хабарлайды "Еуразия Бірінші арнасы".
Сот әйелді кінәлі деп тауып, қоғамдық жұмыстарға міндеттеп, кәмелетке толмағандармен 3 жыл бойында жұмыс істеуге тыйым салды.
"Сот Үміт Пірмеханованы ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша айыпты деп танып, 120 сағатқа қоғамдық жұмыстарға міндеттейді, сондай-ақ, үш жылға кәмелет жасына толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салады", - деп оқыды судья Кеменгер Имашев үкімді.
Зардап шеккен тараптың талап еткен өтемақы 10 есе қысқартылды, сот тәрбиешіден 200 мың теңге өндіру туралы қаулы шығарды.
Балабақша тәрбиешісі сотта өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Мұндайға қалай жол бергенін өзі де білмей қалғанын айтады.
Айтпақшы, психологтар өз кезегінде баланың психикасына зақым келгенін анықтады. Басқа балалардың ата-аналары ұл-қыздарының тәртібінде өзгеріс байқалғанын айтты.
Еске салайық, биылғы тамызда Теміртаудың жекеменшік балабақшаларының бірінде 50 жастағы тәрбиеші ұйқысы келмеген қызды қылғындырған. Әлеуметтік желілерде таралған кадрлардан әйелдің жылап жатқан баланың төсегінде отырып, қызды көрпеге орап отырғанын көруге болады. Видео желі қолданушыларының жағасын ұстатты.