Баланы зорлау және өлтіру оқиғасы: Ресей күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

Қазақстанның Бас прокуратурасы кәмелетке толмаған баланы зорлады және өлтірді деп айыпталған адамды Ресейден экстрадициялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Бас прокуратурасы кәмелетке толмаған баланы зорлады және өлтірді деп айыпталған адамды Ресейден экстрадициялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәмелетке толмаған баланы алдын ала сөз байласу арқылы зорлағаны және оны өлтіруді ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресей Федерациясынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды.

"Ол 2008 жылы Павлодар облысы Ақсу қаласындағы пәтерлердің бірінде кәмелетке толмаған баланы зорлаған. Осыдан кейін күдікті зорлау үшін жауаптылықтан қорқып, таныстарымен бір топ адам болып әрекет етіп, кәмелетке толмаған баланы күштеп көлікке отырғызып, ауылдық аймаққа алып кеткен. Жол бойында сыбайластардың бірі бұрын адам өлтіргені үшін сотталған тұлға бола тұра, жәбірленушінің мойнын ұстап, оны қылқындырып өлтірген. Адам өлтіруді жасыру үшін қаскүнемдер кәмелетке толмаған баланың денесін далаға көмген", - делінген хабарламада.

Кәмелетке толмаған баланы зорлап, оны өлтіруді ұйымдастырған, қашып үлгерген және 15 жыл бойы халықаралық іздеуде болған сотталушыны қоспағанда, адам өлтіруге қатысы бар тұлғалар әртүрлі жаза түрлеріне сотталды.

"Былтырғы қыркүйекте ол Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталып, кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланған. Қазіргі уақытта Петропавл қаласының тергеу изоляторына қамалды".

Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro