Баласын мұздатқышқа салып қойған әйел мәжбүрлеп емдеуге жіберіледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Алматы облысында екі жастағы баласын өлтірді деген күдікпен ана мәжбүрлеп емдеуге жіберіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында екі жастағы баласын өлтірді деген күдікпен ана мәжбүрлеп емдеуге жіберіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.

12 мамырда іс жүргізу аяқталып, күдікті әйелге қатысты іс сотқа жолданған. Әйелге ұлын өлтірді деген айып тағылып отыр.

Сот мәліметі бойынша, сарапшы айыпталушыда психикалық ауытқу бар деген қорытынды жасаған.

"Сарапшы қорытындысына сәйкес, С. есімді әйел "F20.0 шифрінің параноид шизофрения" түріндегі созылмалы психикалық ауытқуға шалдыққан. Әйел әрекетті жасау кезінде параноид шизофрения түрінде психикалық ауытқу жағдайында болған және өз іс-әрекетінің нақты сипатын, әлеуметтік қауіптілігін түсіне алмады және оны басқара алмады. Тергеу және сот алдынада жауап бере алмайды. Мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде шара қолдану ұсынылады", - деді Алматы облысы Мамандандырылған ауданаралық сот өкілдері.

Осы қорытындының негізінде сот іс жүргізуді тоқтатуға және айыпталушыны мәжбүрлеп емдеуге арналған мамандандырылған психиатриялық стационарға жіберуге шешім қабылдаған.

Қайғылы оқиға 2020 жылғы қазанда белгілі болды. Полицияға баланың әпкесі арыз түсірген. Оның айтуынша, ол шілдеден бері жиенін көрмеген. Ал баланың анасы оны Талдықорғанда күтушіге бергенін айтқан. Сәбидің жағдайына алаңдаған әпкесі үйде ешкім жоқта терезеден кіріп, мұздатқыштан баланың денесін тапқан.

Полицейлер бірнеше сағаттан кейін Үштөбе қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстаған. Әйел баласын өлтіргенін мойындаған. Оның айтуынша, баланың әкесімен ажырасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro