Баласының көзінше бұрынғы әйелінің ата-анасына оқ атқан Рүстем Давлетшиннің ісін Оралдағы алқабилер соты қарайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл шешім БҚО-ның мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында шығарылды.
Баласының көзінше бұрынғы әйелінің ата-анасына оқ атқан Рүстем Давлетшиннің ісін Оралдағы алқабилер соты қарайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл шешім БҚО-ның мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында шығарылды.
Процессуалдық прокурордың айтуынша, Рүстемге "Адам өлтіру" және "Қаруды заңсыз иемдену" деген баптар бойынша айып тағылған.
"2017 жылдың желтоқсан айында Рүстем белгісіз атқа қаруды тіркеген. Одан кейін қаруды заңсыз түрде үйінде сақатған. 2018 жылы 10 мамыр күні Ақсай қаласынан Оралға қарай беттеген. Тапанша спорттық киімге арналған сөмкеде тұрған. 20.10-ға таман ол үйдің алтыншы қабатына көтеріліп, әйелінің ата-анасы тұратын үйге қоңырау шалған. Оған есікті енесі ашып, есікті артынан жапқан. Ер адам 1 метр 20 сантиметр жерден бұрынғы енесінің ішіне оқ атқан. Әйел оқиға орнында қаза тапқан. Бұл кезде Рүстемнің әйелі үйде болған. Тапаншаның даусынан қорқып, тығылып қалған. Сосын Дәулетшин атасына "Сенің әйеліңді өлтірдім! Бері шық!" деп айғайлаған. Әйелінің өміріне алаңдаған ер адам үйден шыға бергенде бір метр 80 сантиметр жерден атылған оқтан ол 24 мамырда ауруханада мерт болды", - деді сот отырысында прокурор.
Сот отырысында марқұмның әкесі мен жәбірленуші Надия Давлетшиннің атасы, соғыс ардагері, 92 жастағы Менжан Абдрахманов та болды.
"Бұл қасақана жасалған өлім. Ол сонау 130 шақырымнан бекерден-бекер келген жоқ. Оған ең қатаң жаза қолданып, түрмеге отырғызу керек. Баланың көзінше атасы мен апасын өлтірді", - деп налыды соғыс ардагері.
Судья Бақыт Ермаханов істі алқабилер соты қарасытырсын деген өтінішін қабыл алды.
"Менің ойымша, жұрт оқиғаның себебі мен мотивін талқылап алар. БАҚ өкілдері бұл істі барынша жазғанын қалаймын", - деп мәлімдеді Рүстем Давлетшин. Басты сот отырысы жауапкердің қатысуымен 2018 жылдың 1 тамызында өтеді.
Еске сала кетейік, Рүстем Давлетшин 10 мамырда баласының көзінше 32 жастағы бұрынғы Надия Давлетшиннің ата-анасына оқ атқан.
Күйеуі мен әйелінің арасында сегіз жастағы баласы үшін келіспеушілік туған. 60 жастағы жәбірленушінің анасы оқиға орнында қаза тауып, оның 67 жастағы күйеуі екі аптадан кейін ауруханада қайтыс болған.