19 маусым 2020 16:33

Балқаш маңында 52 жастағы есірткі сатушысы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қарағандылық полицейлер есірткі сатушыдан 12 келіге жуық "гашиш" есірткісін тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Қарағандылық полицейлер есірткі сатушыдан 12 келіге жуық "гашиш" есірткісін тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

16 маусымда сағат 17.10 шамасында Балқаш қаласы маңындағы автожолда Қарағанды облыстық ПД Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Қарасора-2020" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 52 жастағы Жамбыл облысының тұрғынын ұстады, одан қызметтік иттің көмегімен есірткіге ұқсас зат тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат "гашиш" есірткі заты екені белгілі болды. Одан әрі тергеу амалдарын жүргізу барысында ұсталған азамат Шұбар-Түбек ауылы маңына барар жолдың бойына жасырып қойған есірткі заттарын көрсетті.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде. Тәркіленген "гашиштің" жалпы салмағы шамамен 12 келі", - деп хабарлады облыстық ПД бастығы Ерлан Файзуллин.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети