13 наурыз 2020 | 13:38

Балқаш тұрғыны 300 адам коронавирус жұқтырды деп жалған ақпарат таратқан

© Tengrinews.kz иллюстрациясы

Балқашта 300 адам коронавирус жұқтырғаны туралы жалған ақпарат таратқан 50 жастағы күдікті әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Балқашта 300 адам коронавирус жұқтырғаны туралы жалған ақпарат таратқан 50 жастағы күдікті әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдікті таратқан аудио ата-аналардың чаты мен түрлі топтарға тарап, артынша жазба полиция қызметкерлеріне жеткен. Аудио авторы жақында көптеген адам, яғни, 300-ге жуық тұрғын Балқаш медицина колледжінің жатақханасына жатқызылатынын айтқан. 

Реклама
Реклама

Полицейлер күдіктіні ұстаған. Іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. 

Сонымен қатар, полиция өкілдері тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды. Егер күдіктінің кінәлі екені анықталса, ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Айта кетейік, Қылмыстық кодексте (274-бап) көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная