Балқаш қаласының екі тұрғыны Нұргүл Құсылбекованы жабылып зорлағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Балқаш қаласының екі тұрғыны Нұргүл Құсылбекованы жабылып зорлағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сот сотталушыларды 12 жылға юас бостандығынан айырды, олар жазасын орта деңгейдегі қауіпсіздік колониясында өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ" - деді Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер.
Жаппай зорлау оқиғасы 2016 жылдың тамызында болған. Нұргүл Құсылбекованың айтуынша, екі ер адам оны зиратқа апарып, жаппай зорлап, күрекпен ұрып-соққан. Содан оған мола қаза бастаған. Абырой болғанда, әйел қашып шығып, полицияға хабар берген. Алайда айғақтарға қарамастан полиция бұл істі ұзаққа созып жіберген, тіпті кейін істі жауып тастаған. Зардап шеккен әйелдің айтуынша, істің жабылғаны жайлы оған ешкім де айтпаған. Ал сотқа дейінгі тергеу барысында жиналған материалдардың барлығы жоғалып кеткен.
"Маған қоғам мен тәртіп сақшыларына БАҚ арқылы шығуға тура келді. Осыған дейін мен "Не молчи" қорына барған болатынмын. Мен үшін бұл оңай болған жоқ. Осылайша, мен істі қайта тергеуді бастадым. Балқаштағы тергеуші ештеңені де шешкен жоқ. Істегі материалдардың бір бөлігі жоғалып кеткен. Оның да жазалануын сұраймын. Мұны қалай түсінуге болады? Салғырттық?", - дейді зардап шеккен әйел.
"Тергеуші Рахметов істі қайта тергеді, барлық материалды жинады. Оған алғысымды білдіремін. Күдіктілер де қамауға алынды. Осыған дейін далаға шығуға қорқатынмын. Олардың жазаланғанын қалаймын. Әйтпесе менің орнымда басқа да әйелдер болуы мүмкін ғой. Сондай-ақ, Балқаштағы тергеушінің неліктен осы істі соңына дейін аяқтамағанын анықтауын сұраймын", - дейді Нұргүл Құсылбекова.
Осы уақыт бойы, яғни тергеу кезінде Нұргүл Теміртаудағы дағдарыс орталығында тұрды. Денсаулығындағы проблемаларға байланысты жұмысқа тұра алмай жүр екен. Нұргүл Құсылбекованың айтуынша, оның бүйрегі ауырады. Басын жарақаттап алуына байланысты энцефалопатия (ми дерті) миындағы жасушалардың бір бөлігі жұмыс істемейді.