Балқашта сәби өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балқашта сәби өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ІІД мәліметінше, 24 ақпанда дене жарақаттары бар сәбидің денесі табылған. Балқаш аудандық ІІБ жедел-тергеу тобы күдіктіні ізін суытпай ұстаған. 30 жастағы ер адам мас күйде болған.
"Күдікті кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.