18 наурыз 2015 | 09:58

Балқашта спортшыны өлтіргені үшін сотталғандардың бірі мерзімінен бұрын босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мирас Жұматай. ©Айсұлу Бұштаева Мирас Жұматай. ©Айсұлу Бұштаева

Қоян-қолтық жекпе-жектен Азияның екі дүркін чемпионын өлтіруді ұйымдастырған адам түрмеден мерзімінен бұрын босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Спортшы Бағдат Сая 2012 жылдың 9 сәуірінде өлтірілген болатын. 


Иконка комментария блок соц сети

Қоян-қолтық жекпе-жектен Азияның екі дүркін чемпионын өлтіруді ұйымдастырған адам түрмеден мерзімінен бұрын босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Спортшы Бағдат Сая 2012 жылдың 9 сәуірінде өлтірілген болатын. 

Балқаш соты 17 наурызда сотталушының шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу туралы өтінішін қарап, қанағаттандырды. "Біз бұл қаулыға шағым келтіреміз. Мирас Жұматайдың әрекеті ауыр салдарға соқтырды - кісі өліміне әкелді. Бағдат өңір мен бүкіл елдің спорт жұртшылығының мақтанышы еді. Ол 17 жасында Азияның 2010-2011 жылдардағы екі дүркін чемпионы атанды", - деп хабарлады марқұм спортшының адвокаты Алмат Қасқырбай. 

Спортшының әкесі Сайран Сәдуақасовтың айтуынша, Мирас Жұматай өзінің екі досына түнгі клуб маңында тұрған автокөліктің терезесіне оқ атуды бұйырған. "Бұл туралы оның сыбайластары өз жауаптарында айтты. Атылған оқтан менің ұлым, қоян-қолтық жекпе-жектен Азияның екі дүркін чемпионы сол жерде қайтыс болды. Оқ бірнеше рет атылды. Жолаушылар орындығында отырған оның досы жанама жарақат алды", - деді ол. 

Жауап алу кезінде Мирас Жұматай мен оның үш сыбайласы Бағдатты басқа жігітпен шатастырғанын айтты. Қарулы топ 2012 жылдың 9 сәуіріне қараған түні өздері жанжалдасып жүрген бір жігітті күтіп тұрған. Қылмыскерлер автокөлікке отырған жігітті сол деп ойлап, оған "Стражник" тапаншасы мен екі шолақ мылтықтан бірнеше рет оқ атқан. 

2013 жылдың наурызында Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Мирас Жұматайды бұзақылығы үшін және қару-жарақты заңсыз сақтағаны үшін 3 жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Бұл жазаны спортшының туыстары тым жұмсақ деп есептеп, жоғары инстанциядан жаза мерзімін ұлғайтуды сұрады. 

Айта кетейік, қылмыстың басқа да қатысушылары түрлі жаза арқалады. Атап айтқанда, Мәдияр Алтаев спортшыны өлтіргені үшін 16 жылға, Рүстем Әбденов кісі өлтіруге қастандық жасағаны үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылды, олардың достары Бұхар Ерсін бұзақылығы мен қару-жарақты заңсыз сақтағаны үшін 3,5 жылға шартты түрде сотталды. Тергеушілер қылмыскерлерге қару сатқан адамдарды да анықтады. Оларға да жаза берілді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети