07 маусым 2016 10:19

Балқаштағы 14 жастағы оқушы қыздың өлімі: Жаңа нұсқа

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nv.kz © nv.kz

Қарағандыда 6 маусымда мамандандырылған аудандық қылмыстық істер бойынша сот Балқаштағы 21 жастағы әнші Станислав Кимге байланысты жаңа процесс бастады. Кимге 14 жастағы мектеп оқушысы Виктория Шевкунованы өлтірді деген айып тағылып отыр, - деп хабарлайды "Новый Вестник".


Қарағандыда 6 маусымда мамандандырылған аудандық қылмыстық істер бойынша сот Балқаштағы 21 жастағы әнші Станислав Кимге байланысты жаңа процесс бастады. Кимге 14 жастағы мектеп оқушысы Виктория Шевкунованы өлтірді деген айып тағылып отыр, - деп хабарлайды "Новый Вестник".

Қоғамда үлкен шу көтерген бұл іс өткен жылы да қаралған болатын. Ол кезде Кимді сот залында отырғандар ақтап алған еді. Алайда апелляциялық ұжым бірінші инстанция шығарған үкімнің күшін жойды. 

Бірінші сот отырысын прокурор Гүлден Хамитова айыптау сөзімен бастады. Ол болған оқиғаның жай-жапсарын еске салды. Виктория Шевкунова Станислав Киммен өзіне дүкеннен iPhone-ның жаңа моделін сатып алып жатқанда танысқан. Ким болса сол дүкенде кеңес беруші болып жұмыс істеген. Кейін жастар әлеуметтік желілер арқылы сөйлесіп бастайды.

Бұған дейін сотта жігіттің мектеп оқушысына ғашық болып, онымен кездескісі келеді деген нұсқаны айтқан еді. Қыз кездесуден бас тартқандықтан, ол оны пышақтап тастаған. Алайда айыптаушы енді басқа нұсқасын айтып отыр. Прокурордың айтуынша, қыз әнші жігітке ғашық болып, онымен кездесе бастаған. Бірақ кейіннен әнші жігіттің басқа да ғашықтары бар екенін түсінген оқушы қыз онымен кездеспеуге шешім қабылдайды. Бірақ соңғы кездесулерінде ол қыз қайтыс болады. Қылмыстың дәлелі ретінде прокурор сотталушының қымбат ұялы телефонын алғысы келген деп түсіндірді.

"Жас қыз Станиславқа ғашық болған. Бірақ Ким оны сезімдеріне жауап бермеген. Кейінірек Ким оның сезімдерін біліп, өзінің арам ойларын жүзеге асыру үшін оны 7 қарашада Балқаштағы орталық саябаққа шақырады. Бұл оқиғалар сотқа дейінгі өндірісте анықталған, - деді Гүлден Хамитова. - Саябақта серуендеп жүріп, Ким Шевкунованы адам жоқ жерге, саябақтың солтүстік-батыс бөлігіне қарай алып барған. Қыз әңгіме барысында Кимге өзінің сезімін білдіріп, онымен жүргісі келетінін айтқан. Ким енді оның ұялы телефонын ала алмайтынын түсінеді. Сонымен қатар, ол Викторияның ұялы телефонды өз еркімен бере салмайтынын түсінеді. Сонда Ким пышақты шығарып, Шевкунованың арқасына пышақ салған. Соққыдан қыз құлай бастайды. Ким оны жерге отырғызып, дене зақымына тағы да соққы жасайды. Кейін Ким қызды итеріп жіберіп, оның үстіне отырып алып, мойын мен бетіне соққы жасауды жалғастырады. Содан ол қыздың қалтасынан ұялы телефонын алып, қылмыс орнынан қашып кетеді".

Виктория Шевкунова көп қан жоғалтып, ауруханаға барар жолда көз жұмды. Күдікті басында қызды өлтіргенін мойындаған болатын. Алайда сосын оны қинап айтқызғанын айтып, өз сөзінен бас тартты.

Қыздың ұялы телефонында жігіттің саусақ іздері бар. Сонымен қатар, жігіттің киімдерінде қанның іздері табылды, ол қан қайтыс болған қыздың қан тобымен сәйкес келді. Оқиға орнынан табылған пышақта Кимнің саусақ іздері болмады. Айыпталуышның айтуынша, қызды басқа біреу өлтірді. Ол тек оған алғашқы көмек көрсетуге тырысқан - қолдан дем алдыру, сонымен қатар дәрігерлерді де шақырмақшы болған, сондықтан қыздың ұялы телефонында оның саусақ іздері бар.

Айыптаушының айтуынша, пышақта жігіттің саусақ іздері қалмаған себебі ол материалдың ерекшелігі, яғни пышақтың сабында. "Осылайша Ким "Қарақшылық", сонымен қатар "көрінеу кәмелетке толмаған адамға пайдакүнемдiк ниетпен жасалған қылмыс" бойынша айыпталып отыр", - деді прокурор.

Виктория Шевкунова 2014 жылдың 7 қарашасында қайтыс болды. Мектеп оқушысы Балқаш саябығының шет жағында жаралы күйінде табылған болатын. Кейін ол ауруханаға бара жатқанда қайтыс болған. Қыздың өліміне жергілікті танымал әнші Станислав Кимді айыпталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети