Балқашта 20 жастағы жігіт зейнеткерді қол сүйменімен ұрды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқашта 20 жастағы жігіт зейнеткерді қол сүйменімен ұрды ©Omskregion.info

Балқаш қаласының ІІД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қарияны ұрып-соққан 20 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқаш қаласының ІІД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қарияны ұрып-соққан 20 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"31 қаңтарда Балқаш қаласының 78 жастағы тұрғыны жедел жәрдем машинасымен ауруханаға жеткізілді", - делінген баспасөз хабарламасында. Зейнеткер тәртіп сақшыларына белгісіз біреудің өз пәтеріне кіріп келіп, қол сүйменімен (монтировка) ұрғанын айтып берді. Ер адам пәтердегі бағалы заттарды алып, қашып кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде жас жігіт ұсталды. Полицейлердің айтуынша, күдікті өз кінәсін толық мойындап, алтын алқа, кеудеге тағатын крест және ақшаны алғанын айтты. Одан заттай айғақтар тәркіленді.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 192-бабы - "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада зейнеткерлерді тонаған екі күдіктінің қолға түскені хабарланған еді. Қылмыскерлер зейнеткерлерді адам аз жүретін жерге алдап шығарып, күш көрсету арқылы ақшаларын тартып алып отырған. Осылайша, олар 72 жастағы қарияның 58 мың теңгесін ұрлап кетсе, сексенге таяған кейуананың 70 мың теңгесін қаққан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети