Балқашта демалушылар полицейдің погонын жұлып тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқашта демалушылар полицейдің погонын жұлып тастаған © Тұрар Қазанғапов

Балқашта ер адамдар полицейлердің бірінің погонын жұлып алған. Ал құқық қорғау органдары оларды тыныштандырмақ болған кезде екінші ер адам полицейді ұрып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқашта ер адамдар полицейлердің бірінің погонын жұлып алған. Ал құқық қорғау органдары оларды тыныштандырмақ болған кезде екінші ер адам полицейді ұрып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, 31 шілдеде Балқаш полиция қызметіне демалыс орындарының біріндегі қызметкерден қоңырау келіп түскен. Тәртіп сақшыларының айтуынша, демалуға келген екі азамат ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзған. Оқиға орнына екі полиция қызметкері барып, екі демалуышыны тыныштандырмақ болған. Алайда, ер адамдар қиқарланып, полициядағылармен жанжал шығарған. Құқықбұзушылардың бірін ұстаған кезде ол полиция қызметкерінің погонын жұлып алса, екінші құқықбұзушы көлікке отырғысы келмей, полицейді ұрып жіберген. 

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тіркеу реестріне тіркелді. Осы бап бойынша екі жылға бас бостандығынан, ал қылмыстың салдары ауыр болса құқықбұзушыларға он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети